К 30-летию Независимости Казахстана | 26 қазан 14:01

Жаңаөзенде "Жайдарман" өтті

Баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын жастар шараларында әзіл-қалжыңның сапасына баса көңіл бөлу керек. Мұндай пікір Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойына орай «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшылары арасында өткен "Жайдарман" ойынында айтылды.

«Жас келсе, іске!» деген тақырыптағы ойынға "ӨМГ" АҚ әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов, персоналды басқару және дамыту директоры Ермек Көптілеев, жайдарманшы Мақсат Оңайбаев, "Қазақстан-Жаңаөзен" телеарнасының журналисі Айнұр Махамбетова, Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Бәйімбетов төрешілік етіп, көрермендермен бірге күлкі дәруменіне қарқ болды.

"№1,3 МГӨБ командалары өз деңгейінен көріне алмады. Жігіттерге босаңсымау керек. Әңгіменің санда емес, сапада екенін дәлелдеген 2 жігіттен тұратын АжТБ командасына риза болдым. ХжЭБ ұнады. ТТБ бүгін жақсы ойнады", - деді экс-жайдарманшы Мақсат Оңайбаев ойын қорытындысында.

Бас жүлдені ӨЭМБ, 1,2,3 орындарды АжТБ, ТТБ, №3 СҚКБ командалары алды. №1,3 МГӨБ командаларына кәсіподақ пен көрермен көзайымы жүлделері табысталды. ХжЭБ командасынан Қайрат Аманқосов үздік ойыншысы атанды.

Жүргізуші Арғынбек Қалбай алтын уақытын бөліп "Жайдарманға" келген көрермендер мен қазылар алқасына алғыс білдірді.