Садақ – қазақтың қасиетті қаруы. Жаугершілік заманда құралайды көзге атқан садақшылар ел қорғаны болды. Спорттың бұл түрі жастарымызды дәлдікке, ептілікке, мергендікке баулиды. Жігерін жанып, денсаулығын нығайтады.
Садақ ату орталығының жетекшісі – кәсіпорынның №3 мұнай-газ өндіру басқармасының қызметкері Сәнім Мұратова.
«Оның төл өнерді насихаттауы – құптарлық іс. Біз болашақта жаңаөзендік мергендердің әлемдік додаларда топ жаратынына сенімдіміз. Байтақ даламызды сақтап қалуға зор үлес қосқан мұраны қастерлеу – перзенттік парызымыз», – дейді «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының адам ресурстарын басқару жөніндегі орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев.