К 30-летию Независимости Казахстана | 03 марта 14:34

Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы: жобаның қазіргі жағдайы

ҚазМұнайГаз Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын жалғастыруда. Кәсіпорын Маңғыстау облысының тұрғындары мен өнеркәсіп нысандарын құрғақ газбен, сұйытылған мұнай газымен және пентан-гексан фракциясымен қамтамасыз етеді.

Ірі жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және жылына 900 млн м³ дейін табиғи және ілеспе газды өңдей алатын заманауи өндірістік кешен құруды көздейді. Зауыттың құрылысында модульдік әдіс қолданылып отыр. Бұл оны елдегі осыған ұқсас басқа кәсіпорындардан ерекшелендіреді. Негізгі технологиялық модульдер тапсырыс берілген зауытта дайындалып, кейін құрылыс алаңына жеткізіледі. Құрылыс алаңында кәсіпорынның іргетасы құйылып, негізі қаланып жатыр, сондай-ақ модульдерді құрастыру жұмыстары орындалуда.

 

Қазіргі уақытта өрт сөндіру бекетін, зертхананы, қоймаларды, әкімшілік-тұрмыстық корпусты, оператор ғимараттарын және өртке қарсы резервуарларды қоса алғанда, инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Сыртқы электрмен жабдықтау нысандары бойынша жалпы құрылыс жұмыстары аяқталды. Жабдық құрылыс алаңына жеткізіліп, монтаждау іс-шаралары басталуда. ️Жабдық жасаушы зауытта 259 позициядан тұратын, ұзақ уақыт бойы дайындалатын жабдықтың бүгінгі күні 48 жасалып бітті.

Siemens газ турбинасы қозғалтқышын дайындау жұмыстары аяқталды. Жабдық Швециядан жөнелтілді, қазір ҚХР-ға жеткізілуде. Сол жерде бірлесіп құрастырылатын болады.

Сонымен қатар жабдық жасаушы зауытта 2025 жылдың желтоқсанында алғашқы технологиялық модульдерді құрастыру жұмыстары басталды. Құрылыс алаңында жұмылдырылған персоналдың жалпы саны — шамамен 130 адам.