Жұмысын 2005 жылы бастаған үйлестіру орталығы ескіріп, жабдықтарының тозығы жеткен болатын. Соған орай, орталық заманауи талаптарға сай келетін жаңа технологиялық жабдықтармен жаңартылды. Бұл қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, эксплуатациялық шығындарды азайтады. Тиісінше, орталықтың өндіріс саласындағы қызметі жақсара түспек.
Жаңарған орталықтың ашылуына «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев қатысты. Ол қызметкерлерді құттықтай келе орталық жұмысына сәттілік тіледі.
Жаңартылған техникаларды SCADA жүйесіне интеграциялау арқылы барлық технологиялық процестерді және компьютерлік функцияларды қашықтан басқаруға қол жеткізіледі.