Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов қатысты.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», - деді өңір басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоба аясында Қызылорда облысында 10 жайлы мектеп салу жоспарланған. Бүгінде оның тең жартысы аяқталды, ал қалған 5 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.