К 30-летию Независимости Казахстана | 22 сәуір 08:15

Жаңашылдыққа жол ашқан жоба

Қазіргі заман талабына сай, кез-келген кәсіпорын жаңа техникалар мен технологияларды игеруге көбірек күш салады. Заманауи технологияларды қолдану жұмыс процесін оңтайландыруға және өндіріс тиімділігін арттыруға мол мүмкіндік береді.

Өндірістік департаменттің жаңа технологиялар бөлімінің бастығы Қалмырза Бүркітов 2022 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қандай иновациялық технологияларды енгізу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ қайсысы сынақтан сәтті өтіп, табысты жұмыс істеп тұрғанын айтты.

– 2021 жылы Қаламқас кенорнының қабат қысымын ұстау жүйесі негізінде Ø325 мм құбырлардың коррозиясынан қорғайтын жабынның тәжірибелік-өндірістік сынағы сәтті аяқталды. ТӨС негізгі мақсаты металл құбырларды коррозиядан қорғайтын жабыны бар құбырларға ауыстыру арқылы ҚҚҰ жүйесінде Ø325х12 мм жоғары қысымды құбырлардың қызмет ету мерзімін арттыру көзделіп отыр. Осының нәтижесінде, болат құбырлардың коррозиясынан туындайтын тоқтап қалулар, технологиялық процесте үзілістер тудыратын, резервуардағы қысымды ұстап тұру режимін бұзатын апаттық жөндеулер азаяды.

Қаламқас кенорнының ҚҚҰ жүйесі үшін Ø200мм шыны пластик құбырларын, жоғары қысымды Р=10 МПа тәжірибелік-өндірістік сынағы сәтті өткізілді.

Бұдан өзге, Жетібай кенорнында да ҚҚҰ жүйесі үшін жоғары қысымды Р=20 МПа, Ø100мм шыныпластикалық құбырларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау аяқталды.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ нәтижелері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаралып, ары қарай өндірісте қолдануға ұсынылды.

Осы жылы Қаламқас кенорнының жоғары дебитті топтық қондырғыларына мультифазалы сорғы қондырғыларын енгізу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жоспарланған.Алайда, жұмыс істеп тұрған сорғылардың (НБ-125-8) өнімділігі бойынша шектеулілігіне байланысты жоғары дебитті топтық қондырғыларда сорғылардың біреуі тоқтаған кезде апаттық жағдайлардың жиі орын алуы қазіргі таңдағы үлкен мәселеге айналды. Сонымен, төтенше жағдайлардың алдын алу және сорғылардың жұмысын оңтайландыру үшін өнімділігі жоғары көп фазалы сорғы қондырғыларын енгізу жоспарлануда. ТӨС жүргізудің негізгі мақсаты көп фазалы сорғы қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігін, және энергия тиімділігі мен пайдалану сапасын айқындауды мақсат етіп отыр. Аталған технология сорғылардың жөндеуаралық кезеңін ұлғайтуға, сорғылардың жұмыс параметрлерін реттеу мүмкіндігі, энергия тұтынудың төмендігі мен техникалық қызмет көрсетуге арналған шығыстарды қысқартуға мол мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, осы жылы Қаламқас кенорнының 10 өндіру ұңғымасында ұңғымаларға жоспарлы жөндеу жүргізу кезінде сорғы-компрессорлық құбырлар және штангаларды инспекциялау қызметін енгізу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жоспарланған. Алайда, Қаламқас кенорнында жерасты жабдықтарының жөнделмеуі мен дефектоскопиясы салдарынан кейінге шегеріліп отыр. ТӨС жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру және өндіруші ұңғымаларда түсіру-көтеру операциялары кезінде тікелей штангалар сорғы компрессорлық құбырлардың байланыссыз жүйесін пайдалану тиімділігін арттыруға сеп болады.

Егер бәрі ойдағыдай болса, онда құбырлар мен штангаларды тез арада алып тастау мүмкіндігі пайда болады. Тазалау, арнайы техникамен тығыздау уақыты қысқарады, өндіруші ұңғымалардың жөндеу аралық кезеңі артады.