К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қазан 08:20

Жапон делегациясы ҚТКФ компаниясында жұмыс сапарымен болды

Қазақстан Республикасы көліктік-логистикалық инфрақұрылымының қызметімен танысу үшін Жапония Сыртқы істер министрлігінің өкілі У.Хираями бастаған жапон делегациясы Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келіп кетті.

Жұмыс сапары барысында делегация ҚТКФ флотының жұмысымен танысты, мұнай, құрғақ жүктер, контейнерлер тасымалы, сондай-ақ Жапониядан әлемдік нарыққа жүктердің экспорты үшін кеңінен қолданылып отырған Сібір маршрутына баламалы ТХКМ маршруты туралы мәселелер пысықталды.

 

Басқосу аяқталысымен тараптар талқыланған барлық мәселелер бойынша кері байланысты орнату туралы уағдаласты.