К 30-летию Независимости Казахстана | 06 наурыз 16:16

Жапония жоғары жылдамдықты Е8 пойызын таныстырды

JR East теміржол компаниясы жоғары жылдамдықты Е8 сериялы электр пойызын таныстырды, оны іске қосу 2024 жылдың көктеміне жоспарланып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз сатылымға шыққанға дейін бір жыл бойы сынақтан өтеді.

Сегіз вагоннан тұратын бұл пойыз Токионы Фукусима, Ямагата және Синдзо қалаларымен байланыстыратын маршрут бойынша жүреді, оған қоса қыста қалың қар жауатын Иамагата елдімекеніне де қызмет көрсетеді.

Е8 пойызы Тохоку Синкансен желісінде жылдамдықты сағатына 300 км-ге дейін арттыра алады, ал шағын Синкансен желісінде төмен жылдамдықпен, яғни сағатына 130 км жүреді.  

Жаңа пойыздар Е3 сериялы пойызының орнын басады, олардың жылдамдығы сағатына 275 км жол жүруге есептелген.  

E8 сериялы пойыздарын Kawasaki Heavy Industries компаниясы Hitachi мекемесімен бірге шығарып жатыр. Әр пойыз алты моторлы және екі тіркеме вагоннан тұрады.