Өндірісте жүріп спортты жанына жалау еткен Гүлзада Жармыштың тумасы. Ол жүгіруден бөлек,үстел теннисінен де жоғары жетістіктерге жетіп жүр.
«Әкем күресуден алдына жан салмаса, анам Рая – ұстаз, химик», – дейді Гүлзада.
Алда ол республикалық жарыста бақ сынайды.
«Ендеше, Атырауда өтетін республикалық додада компания абыройын қолдан бермейтініңе сенеміз! Жарайсың, Гүлзада», – деп тілек білдірді маңғыстаумұнайлық әріптестері.