Ерекше, креативті форматта өткен іс-шараға облыстағы 7 оқу орнының 150 студенті қатысты. Форумның панельдік сессиясында Компания басшылығы өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға мотивация берді, сұрақ-жауап алмасты. AI ZAMAN панельді сессиясында көтерілген жасанды интеллект, креативті индустрия тақырыптары жастар үшін қызықты өтті.
Talimgerlik сессиясында “Ембімұнайгаз” АҚ қалыптастырған ішкі тәлімгерлер пулының мүшелері жастарға мұнай өндіру саласындағы жалпы ұғымдарды түсіндірді.
Интерактивті сессияда маркетинг тақырыбы кеңінен талқыланды. Сессиялар арасында шахматтан сайыстар, математикалық есептер және онлайн QUIZ ұйымдастырылды. Форум соңында ONER TIME қатысушыларды мюзикл, флешмоб, фольклор, film making, English топтарына тоғыстырды.
Шара қорытындысы бойынша форум барысында телеграм бот арқылы көп ұпай жинаған белсенді қатысушылар анықталып, 5 студентке “Ембімұнайгаз” АҚ білімді жастарды қолдауға арналған Дуалды оқыту бағдарламасына қатысуға сертификат берілді.