3 жыл ішінде Айбек компанияның қоғамдық өміріне етене араласып үлгерді. Ол «Қазақтелеком» басшысының жастар және волонтерлік жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Z-Telecom жастар ұйымының көшбасшыларының бірі, «Самұрық-Қазына» жастар штабының мүшесі.
Әрине, мұндай еңбеккерлік елеусіз қалуы мүмкін емес. Айбек компаниямызда корпоративтік волонтерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Самұрық-Қазына» қорының алғыс хатымен, сертификатымен марапатталды, корпоративтік құндылықтарды дамытуға қосқан үлесі, компания қызметіне ерекше белсенді атсалысқаны үшін «Қазақтелекомның» марапатына ие болды.
«Табысты карьера құру үшін жақсы қызметкер болумен қатар, компанияның басты құндылықтарына сай болу, көшбасшылық қасиеттерді таныту және өзіңді үздіксіз дамытып отыруың қажет», – дейді Айбек.
Бос уақытында ол спортпен айналысады: бразилше джиу-джитсу, жүгіру, веложарыс секілді спорт түрлерімен шұғылданады, күштік және кардиожаттығуларын тастамайды. Кітап оқығанды жаны сүйеді, сонымен қатар отбасымен, достарымен көбірек уақыт өткізуге тырысады.