Жұмысшылар бекітілген кестеге сәйкес, әр апта сайын белгіленген аумақтарға барады. Жас шыбықтарға күтім жасау жұмысы ҚБМ басшылығының жеке бақылауында. Сонымен қатар, егілген көшеттерге қажетті тыңайтқыш және дезинфекциялық препараттармен қамтамасыз етуді компания өз мойнына алды.
«Ағаш егуден гөрі күтіп-баптау көп жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Сондықтан біздің ұжым объектілер бойынша бөлініп, мониторинг жүргізеді. Алдын-ала суару және күтім жасау үшін қажетті инвенатрь дайындаймыз. Туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосуға мүмкіндігіміз мол», – деп атап өтті персоналды оқыту және дамыту бөлімінің басшысы Ажар Өтеулиева.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен экология жылына орай ҚБМ ұжымы Маңғыстау облысының бірқатар әлеуметтік нысандары мен кен орны аумағында 3 мың түп көшет отырғызды. Мұнайшылар үшін ағаш отырғызу ғана емес, көшеттердің одан әрі өсуін қамтамасыз ету маңызды.
(«Қаражанбасмұнай» АҚ facebook желісіндегі парақшасынан)