Іс – шараны ҚТЖ аппараты басшысының м.а. Ерлан Амандықов және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетов ашып, байқаудың жас мамандардың тәжірибе алмасуы мен кәсіби өсуі үшін тиімді алаң ретінде маңыздылығын атап өтті.
Республикалық кезеңге бес жұмысшы мамандығы бойынша өңірлік турлардың жеңімпаздары: жол шебері, жолаушылар вагонының жолсерігі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, жылдамдық өлшегіш ленталарды ашып жазу жөніндегі инженер және вокзал бойынша кезекші қатысуда.
«Жас үздік маман» байқауы 2019 жылдан бері өткізіліп келеді және еліміздің барлық өңірлерінен теміржол саласының жас мамандарын біріктіреді. Республикалық кезеңнің жеңімпаздары кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексеруге бағытталған практикалық және теориялық тапсырмалардың қорытындысы бойынша айқындалатын болады.