К 30-летию Независимости Казахстана | 24 февраля 12:07

Жастар арасындағы дебат-пікірталас сайысының жеңімпаздары анықталды

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Маңғыстау облысы жас мамандары арасындағы пікір-сайыс турнирі өтті. Дебат – тек сөз жарыстыру емес, бұл – ой жарысы, дәлелдер күресі, ақиқат жолындағы айқын пікірталас. Қатысушылар жоғары дайындық көрсетіп, интеллектуалдық бәсекенің нағыз үлгісін танытты.

Жеңімпаздар:

1-орын – АО “Интергаз Центральная Азия” 2-орын – “Қазтеңізкөлікфлоты” және “МаңғыстауМұнайГаз” 3-орын – “Қазпошта” АҚ және “Мұнайтелеком”

“Үздік спикер” – “Қаражанбасмұнай” АҚ өкілі Ералиев Таңат “Үздік лидер” – “Қазпошта” АҚ командасының жетекшісі Шлейова Ақерке

Осы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қосқан зор үлесі үшін Маңғыстау облысы бойынша “Қазпошта” АҚ өкілдеріне алғыс білдіреміз!