К 30-летию Независимости Казахстана | 23 тамыз 08:48

Жастар қала маңы пойыздарында жеңілдікпен жүре алады

«Жастар» жеңілдік картасы көмегімен 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар қала маңына қатынайтын пойыздарда 25 пайыздық жеңілдікпен жүре алады. Бұған дейін жеңілдік Алматы 2 – Орал, Алматы – Петропавл, Алматы 2 – Маңғыстау, Атырау – Алматы 2, Нұрлы Жол Астана – Шымкент станциялары қатынасындағы коммерциялық пойыздарға (турист, купе, плацкарт) ғана қолданылды.

Айта кетейік, жеңілдік картасының қолданылуы 2023 жылдың 01 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін пойыздардың жөнелту күнімен қала маңы қатынасындағы пойыздарға пилоттық режимде жүргізіледі.

«Жастар» дисконттық картасын «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында ресімдеуге болады. Оның құны 3 мың теңгені құрайды. Жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 1 жыл.

BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық билет кассаларында теміржол билеттерін сатып алу кезінде «Жастар» картасын пайдалануға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы алуға болады.