К 30-летию Независимости Казахстана | 26 қаңтар 08:00

«Жастар» картасы қайта сатылымға шықты

Биылғы 19 қаңтардан бастап 16-25 жас аралығындағы жолаушылар үшін «Жастар» картасын сату қайта қалпына келді.

Олар Тальго коммерциялық пойыздарының «Турист» (2Д) және «Отырып баратын» (2с) санатындағы вагондарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу кезінде 25% жеңілдікті пайдалана алады.

«Жастар» картасын «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында рәсімдеуге болады. Оның құны – 3 мың теңге. Жарамдылық мерзімі – картаны іске қосқан сәттен бастап 1 жыл.

Теміржол билеттерін BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан (және оның мобильді қосымшасы) және барлық билет кассаларынан сатып алу кезінде «Жастар» картасын пайдалануға болады.

«Жастар» картасын пайдалануға болатын Тальго пойыздарының тізімі:

№51/52 Алматы-2 - Орал; №105/106 Алматы - Петропавл; №712/711 Нұр-Сұлтан - Шымкент; №29/30 Алматы-2 - Атырау; №69/70 Алматы-2 - Өскемен; №111/112 Алматы-2 - Маңғыстау.