Бұл бағыттағы кейбір бастамаларымыз:
Қалдықтарды бөлек жинау: бізде қағазды, пластикті, әйнекті, металды және қалдық батареяларды бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. Бұл қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайтуға көмектеседі.
Электрониканы тиімді пайдалану: энергия тұтынуды азайту үшін біз қызметкерлерге жұмыс күнінің соңында компьютерлер мен техниканы өшіру қажет екенін ескертеміз.
Принтерден басып шығаруды азайту: орманды сақтау және қағаз пайдалануды төмендету туралы жадынамалар таратылады. Электрондық құжат айналымы қағаз пайдалануды азайтуға көмектеседі.
Фандомат және SPARKLO: кеңсеміздің бірінші қабатында фандомат орнатылған. Қызметкерлер алюминий ыдыстар мен ПЭТ (полиэтилентерефталат) бөтелкелерін тапсыру арқылы бонус жинай алады. Бұл бонустарды SPARKLO қосымшасы арқылы түрлі акция кезінде пайдалануға болады.
Біз тұрақтылыққа бағытталған күш-жігерімізді мақтан тұтамыз. Табиғатқа қамқорлық — ортақ міндетіміз!
«ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі