К 30-летию Независимости Казахстана | 30 мамыр 11:47

«Жайлы мектеп» бойынша «E-Qurylys» ақпараттық жүйесін ендіруге қатысты мәселелер талқыланды

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ орталық аппаратында күн сайын «E-Qurylys» жүйесін толыққанды ендіруге қатысты проблемалық мәселелерді талқылау және шешу бойынша жиналыстар өткізілуде. Отырыстарға Басқарма төрағасы, дивизион басшылары, SKCN өңірлік өкілдері мен орталық аппараты, сондай-ақ әзірлеуші компанияның, жобалаушы және мердігер ұйымдардың өкілдері, авторлық және техникалық қадағалау сарапшылары қатысады.

Әр жиын барысында ақпараттық жүйемен тікелей жұмыс істейтіндер формаларды толтыру және материалдарды жүктеу кезінде туындаған мәселелер туралы ашық айта алады. Барлық сұрақтарға толық жауаптар беріләп, әзірлеуші компания кемшіліктерді жақын арада түзетеміз деп сендірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 13 мамырда «Bitrix» кросс-платформасымен біріктірілген «Е-Qurylys» ақпараттық жүйесінде атқарылған жұмыстардың алғашқы электрондық актісіне қол қойылды. Осылайша, жайлы мектептердің құрылысы бойынша барлық құжаттама электрондық форматқа ауыстырылды.

Айта кетейік, «E-Qurylys» ақпараттық жүйесін ендіру, дәлірек айтқанда, оны «Bitrix» электрондық кросс-платформасымен біріктіру процесі басталғалы бері 20-дан астам жиналыс өткізілді. Сонымен қатар, ақпан айынан бастап барлық мүдделі қызметкерлер үшін күнделікті оқыту семинарлары өткізілуде.

 

Талқылау мен оқытубарысында ақпараттық жүйенің жұмысына қатысты 100-ден астам сұрақ келіп түсті, олардың көпшілігі толығымен шешілді. 6 мәселені әзірлеуші компания пысықтау үстінде.

Құрылыс компанияларының өкілдері хабарлағандай, тапсырыс беруші мен әзірлеушінің үйлесімді жұмысы әрі пайдаланушылар тарапынан түскен барлық ескертулерді уақтылы пысықтаудың арқасында «E-Qurylys» ақпараттық жүйесінің функционалы айтарлықтай кеңейіп, сайт интерфейсі түсінікті әрі ыңғайлы бола түскен.

Құрылыс саласында Samruk-Kazyna Construction елімізде бірінші болып «Е-Qurylys» жүйесіне көшті. Осылайша, енді жобадан ауытқуға, орындалмаған жұмыстарды қабылдауға жол берілмейді. Актілер жұмыс журналдарының, фотоматериалдардың және жүйеде тіркелген басқа да маңызды құжаттардың негізінде автоматты түрде жасақталады. Бұл сыбайлас жемқорлық, «бейресми қарым-қатынас» сияқты қауіп-қатерлерді жойып, құрылысты жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етеді.