Кеңеске құрылыс, сәулет және қала құрылысы, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары қатысты.
Жиналыстың күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірінші кезектегі шаралар: жер телімдерін бөлу, инженерлік коммуникациялар жүргізу, құрылыс материалдары мен жабдықтарын отандық жергілікті өндірушілердің қатысуы қарастырылды. Шығыс Қазақстан облысында ұлттық жоба аясында 10 мектеп салу жоспарлануда, оның 3-і облыс аудандарында (2024 жылы 7 мектеп, ал 2025 жылы 3 мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда).
Кездесу барысында отандық құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар салу перспективалары туралы пікір алмастық. Өскемен қаласында ескі тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру мәселесі жан-жақты қаралды.
Тұрғын үй құрылысы бойынша және құрылыс материалдарын импортты алмастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде бірлескен жұмысты жандандыруға өзара дайындық білдірілді.