Қазіргі уақытта құрылысы 2023 жылы басталатын 221 мектептің 127 мектебі бойынша жер учаскелері анықталды, қалған 94 жер учаскесі бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін ресімдеу жұмыстарын 2023 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде аяқтауы тиіс.
Кеңес барысында сұрақ-жауап форматындағы кездесуге қатысушылар жер учаскелерінің параметрлеріне қойылатын талаптарды, шекараларын белгілеуді, сондай-ақ SK Construction Дирекциясы мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді жедел шешу мақсатында Басқарма Төрағасы SK Construction тиісті құрылымдық бөлімшелеріне тапсырма берді.