Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов ұлттық жоба аясында салынған алғашқы мектептер биылғы оқу жылының басында пайдалануға берілетінін жеткізді. Құрылыс жұмыстарының сапасын техникалық қадағалау мамандары қатаң бақылайды, олар тікелей нысанда болып, e-Qurylys жүйесі арқылы есеп беріп отыр.
Қоғамды толғандырған басты мәселелердің бірі мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету болған еді. Спикерлер оқу орындарында бейнебақылау камералары мен ғимаратқа кіруді бақылайтын және басқаратын арнайы жүйелер орнатылғанын атап өтті. Шараға Қор басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, ҰКП және Білім министрлігі өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері мен қатысушылары спикерлерге өз сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.