К 30-летию Независимости Казахстана | 13 қаңтар 08:30

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын бекіту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді

2022 жылғы 12 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты 2022 жылғы 30 қарашада қабылданған «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №963 қаулысы күшіне енді, деп хабарлады Samruk-Kazyna Construction баспасөз қызметі.

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) орта білім беру ұйымдарында авариялық мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

 Аталған мақсатты іске асыру үшін екі негізгі міндетті шешуді көздейді:

2026 жылға дейін қалаларда және белсенді дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде оқушы орындарының қазіргі және болжамды тапшылығын жабу үшін жеткілікті көлемде кемінде 800 мың (екі ауысымда оқыту) жаңа оқушы орнын пайдалануға беру; Ұлттық жоба шеңберінде іске қосылатын орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.

Қаулыға сәйкес, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдары объектілерінің нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция ретінде айқындалған.

Ұлттық жоба бойынша орта білім беру ұйымдарының объектілерін жобалауды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі – ҚТҮШІК) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп әзірлеген 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000, 2 500 білім алушыға арналған жалпы білім беретін орта мектептерді жобалауға арналған тапсырмаларға сәйкес білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі үйлестіруші – «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының дирекциясы жүзеге асырады.

 

Сондай-ақ, Қаулыға сәйкес бірінші тетік бойынша орта білім беру ұйымдарының жаңа объектілерін нысаналы салу Тапсырыс берушінің функциялары берілген Дирекция арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Бірінші тетікті іске асыру келесіні көздейді:

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 36-бабының 1-тармағында және 48-бабының 1-тармағы 15) тармақшасында көзделген тәртіпте жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдарының объектілерін салу кезеңіне Дирекцияға жер учаскесіне жерді уақытша өтеусіз пайдалану құқығын беруді; мектеп салу жоспарланып отырған жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосуды; орта білім беру ұйымдарының жаңа объектілерін салуға, жаңа оқушы орындарын "дайын күйінде тапсыруға" байланысты тауарлады, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды көздейді.

 

Дирекцияға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мынадай:

қайта қолдану үшін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен Ұлттық жобаның бірыңғай стандарты бойынша 35 жобалық-сметалық құжаттаманы (5 климаттық аймаққа арналған мектептердің 7 жобалық қуаты бойынша) (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу, қайта қолдану жобаларын жергілікті жермен байланыстыруы; ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындауы; салынып жатқан/салынған объектіні жобалау тапсырмасының талаптарына және ұлттық жобаның талаптарына сәйкес келуі; ұлттық жоба шеңберінде жаңа оқушы орындарын іске қосу жоспарын сақтауы; ұсынылатын ақпараттың, ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құжаттамалардың дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік жүктеледі.

Бұдан басқа, Дирекция Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жобаны басқаруды жүзеге асырады.