Биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша 217 жаңа мектеп салу жоспарланған. "Қазақтелеком" олардың бәрін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге ниетті.
"Қазақтелеком" АҚ-ның "жайлы мектеп" жобасына міндетті түрде қатысуы жаңа оқу орындарын жылдам әрі сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Компанияның дамыған инфрақұрылымы мен техникалық мүмкіндіктері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз ауылдардағы 200-ден астам мектеп үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің (ТОБЖ) құрылысын аяқтадық. Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде осындай жұмыстарды аяқтап, 700-ден астам қосымша ауылдық мектепті әлемжеліге қосуды жоспарлап отырмыз", - деді "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
"Жайлы мектеп" жобасы қазақстандық оқушыларға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, ал мектептерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету оқу процесіне заманауи технологияларды енгізуге, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға және ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндіктер береді.