Бекітілген жоспарға сәйкес, мектептердің көпшілігі Алматы облысында (63), Түркістан облысында (63), Шымкентте (25), Маңғыстау облысында (24), Астана (24) мен Алматыда (22) салынады. Қалған мектептер шағын қалаларды қоса алғанда, бүкіл Қазақстан бойынша теңдей бөлінеді.
Мектептер құрылысының нақты мерзімі мен оқушы орны саны белгіленді. Мәселен, Алматы облысында 63 жаңа мектепте 136 мыңға жуық бала оқи алады. Елордадағы 25 жаңа мектеп 88 мың оқушыны қабылдай алады.