К 30-летию Независимости Казахстана | 11 қазан 16:38

Жайлы мектептер құрылысына техникалық қадағалау жүргізетін 80 компания анықталды

Samruk-Kazyna Construction «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді сатып алу бойынша алғашқы конкурстардың нәтижесін жариялады.

Конкурстардың қорытындысына сәйкес 80 лот (72%) бойынша жеңімпаздар анықталды, ал қалған 32 лот (28%) өткізілмеді. Қатысқан 76 компанияның 27-сі (36%) жеңімпаз деп танылды.

2023 жылдың 24 тамызында Samruk-Kazyna Construction 19 өңірде сыйымдылығы 300, 600 және 900 орындық жайлы мектептердің құрылысын техникалық қадағалау қызметтерін сатып алуға 112 лот жариялады. Нәтижесінде 76 әлеуетті өнім берушіден 485 өтінім келіп түсті.

Қорытынды хаттамалар skcn.qaz.network сатып алу веб-порталында жарияланған. Өткізілмеген 32 лот бойынша техникалық қадағалау бойынша конкурстар жақын арада қайта жарияланатын болады.

Компанияларға өте жоғары талаптар қойылды. Мәселен, аккредиттеу туралы куәлік, аккредиттелген құрылыс зертханасы және білікті мамандардың болуы. Сондай-ақ, компанияға қарсы сот процесі жүрмеуі шарт, салық бойынша және басқа да қарыздары болмауы керек. Ұйым банкроттық, тарату және оңалту үрдісіне жатпауы керек әрі жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті.

Жеңімпаздарды таңдау кезінде соңғы 5 жылда төленген салық сомасы, соңғы 5 жылда пайдалануға берілген әлеуметтік нысандар мен көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы ауданы ескерілді.

Келісім-шарттың орындалуын әрі техникалық қадағалаудың сапасын қамтамасыз ету үшін өнім беруші қол қойғаннан кейін 20 күн ішінде келісім-шарт сомасының 3% мөлшерінде банк кепілдігін беруге міндетті.

Әрбір жайлы мектептің құрылысын 3 техникалық қадағалау сарапшысы (жалпы құрылыс нормалары, инженерлік желілер және технологиялық жабдықтар бойынша) бақылайды. Олар апта сайын құрылыс сапасы мен мерзімі туралы есеп дайындап, электронды кросс-платформаға жүктейді.