Мамандар ғимараттың жобасы мен архитектурасын зерттеді. Кітапхананы, спорт залдарын, акт залын, асхана мен киім ауыстыратын бөлмелерді аралады. Ең сәтті идеялар ұлттық жоба аясында салынатын жаңа жайлы мектептерді жобалау мен жабдықтауда қолданылады. Бұл жиһаз бен технологиялық қондырғыларға да қатысты.
"Жайлы мектептерді жобалау кезінде жертөлені барынша тиімді пайдалану қажет. Мысалы, ол жерде аквапоника, робототехника және басқа да үйірмелерге арналған кабинеттер жасауға болады", - деді SK Construction басшысы Мәулен Айманбетов.
Жақын арада SK Construction делегациясы елордадағы тағы бірнеше инновациялық мектепті араламақшы. Мұндағы мақсат – болашақ оқу ошақтарын жобалау кезінде ең үздік білім беру нысандарының үлгісін пайдалану.