К 30-летию Независимости Казахстана | 31 қаңтар 09:40

«Жайықмұнайгаз» цех басшысы: Табыстың артында тұтас ұжымның еңбегі жатыр

Қуанғали Абежан – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Оңтүстік-Батыс Қамысты мұнай-газ өндіру цехының басшысы болып қызмет атқарады.

Оның айтуынша, мұнай-газ саласының қызметкерлері өмір бойы ізденісте болу керек. Сондықтан бұл саланы таңдауға бел буған жастарға Қуанғали Абежан ешқашан ерінбеуге, үнемі ізденісте болуға кеңес береді. Себебі сол кезде ғана еңбекте табысқа жетуге болатынын алға тартады.