Пойыздар келесі кесте бойынша жүреді:
1 маусымнан 30 маусымға дейін: бір күн аралықпен тақ күндері. Семейден 16:45-те және Өскеменнен 15:55-те жөнелтіледі, кері бағытта - жұп күндері сағат 13:50-де жүреді; 1 шілдеден 31 тамызға дейін: бір күн аралықпен тақ күндері. Семейден 16:45-те және Өскеменнен 15:55-те жөнелтіледі, кері бағытта - жұп күндері 12:55-те жүреді.Қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттер bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол вокзалдарының кассаларында қол жетімді. Семей-Шар бағыты бойынша плацкарт билеті — 4322 теңге, купе — 6226 теңге, Өскемен-Ақтоғай бағыты бойынша: плацкарт — 5144 теңге, купе — 7543 теңгені құрайды.
Билеттер болмаған жағдайда, жолаушылар сайттағы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларындағы тегін «Күту парағы» қызметін пайдалана алады.
Қала маңындағы пойыздардың кестесі туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми инстаграм аккаунты @jolaushylar_tasymaly арқылы алуға болады.