Пойыздарды жазғы тасымалдауға дайындау аяқталуда. Жолаушылар тасымалын «Жолаушылар тасымалы» АҚ 107 пойыз және 12 жеке тасымалдаушыдан 30 пойыз іске асырмақ.
Сонымен қатар Алакөл көлі бағытында 11 бағыт қарастырылып отыр.
Нұр-Сұлтаннан:
№54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет); №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет); пойыздар құрамындағы тікелей вагондар №121/122 Нұр-Сұлтан-Семей және № 6941/6942 «Ақтоғай-Достық». Тасымалдаушы «АрайТрансKZ» ЖШС (бір күннен кейін).Алматыдан:
№221/222 «Алматы-2-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 3 рет); №137/138 «Алматы-2-Достық». Тасымалдаушы «Vagon Service Almaty» ЖШС (аптасына 3 рет); №21/22 Қызылорда-Семей және №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» пойыздар құрамындағы тікелей қатынайтын вагондар. Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін);Сонымен қатар «Тальго» вагондарымен 2 маршрут ұйымдастыру жоспарланған:
№211/212 «Алматы-2-Достық» жиілігі - бір күннен кейін; №453/454 «Алматы-2-Достық» жиілігі - аптасына 3 рет.Шығыс Қазақстан облысынан:
№459/460 «Өскемен-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін); №6941/6942 «Ақтоғай-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (күнделікті айналымда).Абай облысынан:
№457/458 «Семей-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін).Жазғы маусым кезеңінде көршілес елдерге мемлекетаралық 21 пойызды іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстаннан «Атырау-Астрахань», «Алматы-Ташкент», «Нүкіс-Бейнеу» бағыттары бойынша пойыздар жүруде. Сонымен қатар осы жылдың маусым айынан бастап «Қарағанды-Самара», «Қарағанды-Омбы», «Алматы-2-Қазан» бағыттарындағы пойыздар тағайындалды.
Жолаушылар дисконттық карталарды пайдалана отырып, жол жүру құжаттарын (билеттерін) жеңілдікпен рәсімдей алады:
«Саяхатшы» – «Тальго» пойыздарымен жиі жүретіндерге арналған жеңілдік картасы. Жеңілдік мөлшері «Тұлпар-Тальго» жолаушылар поездарындағы соңғы 12 ай ішіндегі сапарлардың жалпы құнына байланысты:
100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 10%; 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 15%; 200 001 теңгеден жоғары, ұсынылатын жеңілдік мөлшері – 20%;Жеңілдік тек «Тұлпар-Тальго» пойыздарына ғана жарамды. Карта тегін беріледі және екі жылға жарамды.
«Алтын» дисконт картасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздарының жолаушыларына арналған. Картаны Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Жолаушылар Қазақстан бойынша 25% жеңілдікпен жүре алады. Жеңілдік басқа жеңілдіктегі тарифтермен жинақталмайды. Картаны 15 жастан асқан жолаушылар үшін рәсімдеуге болады.
Карта құны – 19 999 теңге. Оны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Карта тек Қазақстан азаматтары үшін рәсімделеді. Картаның жарамдылық мерзімі – бір жыл.
Ал «Жастар» 16 жастан 25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған жеңілдік картасы. «Жастар» компаниясы «Тальго» коммерциялық пойыздарына темір жол билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді. Жеңілдік «Турист» (2Д) және «Седячие» (2с) санатындағы вагондарға қолданылады. Дисконттық картаның құны – 3 мың теңге.
Картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 1 жыл. Карта тек Қазақстан азаматтары үшін рәсімделеді.
Жеңілдік картасы келесі бағыттарға қолданылады:
№51/52 Алматы-2-Орал №105/106 Алматы-Петропавл № 712/711 Нұр-Сұлтан-Шымкент №29/30 Алматы-2-Атырау №69/70 Алматы-2-Өскемен № 111/11 Алматы-2-Маңғыстау