Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) болжамы бойынша 2023 жылы халықаралық туризмде сапарлар саны пандемияға дейінгі деңгейдің 80-95% жетіп қалуы мүмкін. 2019 жылғы әлемдегі ең ірі шығыс туризм нарығы – Қытайда COVID-19-ға байланысты шектеулердің алынып тасталуы – Азия аймағында және бүкіл әлемде туризм секторын қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Осы және басқа да жаһандық жағдайларды ескере отырып, еліміздің аспаны жоғары сұранысқа ие болып, Қазақстанға/Қазақстаннан/Қазақстан арқылы саяхаттар саны арта түсті. Осылайша, Қазақстандағы ішкі тасымалдау деңгейі қазірдің өзінде пандемияға дейінгі деңгейден әлдеқайда асып кетті.
Әуекомпания операциялық жұмысын бастағаннан кейін 2019 жылы көктем-жаз маусымына ең төменгі тариф билеттері ұшу күніне 2-4 апта ерте сатылған болатын. 4 жылдан кейін статистика күрт өзгерді және қазір барлық бағыттар бойынша билеттерді алдын ала сатып алу кезеңі 6-8 айды құрайтын болды. Демек, 2023 жылдың наурыз-қараша айлары аралығындағы саяхаттарға арзан билеттер ақпанның алғашқы екі аптасында сатылып кеткен. Осылайша маусым айына арналған орындардың 70%-ға жуығын жолаушылар айдың басында сатып алған. Бүгінге дейін шілде айына билеттердің 50%-ға жуығы, тамыз айына 27%-ға жуығы сатып алынды. Ал бұл, өз кезегінде, шілде-тамыз айларының басына қарай бюджеттік әуекомпанияның кейбір бағыттарында бос орындар қалмай қалуына алып келеді. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап билеттің ең төменгі тарифі өзгермей, тек жолаушылардың мінез-құлқы өзгергенін айта кеткен жөн: олардың саны көбейе түсті және сапарларын ертерек жоспарлай бастады.
Билеттердің құны көптеген факторларға байланысты қалыптасады. Бұл факторлар бірлесіп, арзан әуекомпаниялардың баға саясатын қалыптастырады:
1. Динамикалық бағалардың қалыптасуы – барлық бюджеттік тасымалдаушылар қолданатын әлемдік тәжірибе. Барлық билеттерді бірдей төмен бағамен сату мүмкін емес, өйткені мұндай рейс өзін өзі ақтамайды. Мысалы, Астанадан Алматыға барлық билеттердің бағасы 15 000 теңге тұратын болса, онда бұл рейстен түсетін кіріс шығынның 60 пайызын ғана құрайтын еді.
FlyArystan әуекомпаниясының барлық рейстері мемлекет тарапынан субсидияланбайтынын атап кеткен жөн. Бұл – барлық ұшу шығындарын әуекомпания өзі толығымен өтейтінін білдіреді. Сондықтан да әділетті принцип бойынша шығындарды бөлетін жіктеу бар – ертерек сатып алсаңыз, азырақ төлейсіз.
Барлық жерде дерлік келесі ереже қолданылады – сұраныс өскен кезде баға көтеріледі және бұл тек авиацияға ғана тән құбылыс емес. Қонақүйлер сияқты әуекомпаниялар ұсынатын сервис те тез бұзылатын өніммен тепе-тең. Егер өнім сол күні сатылмаса, ол құнсызданып, кәсіпорын шығынға ұшырауы мүмкін.
Қонақүйдегі бос бөлме табыс әкелмейді, сондықтан кірісті қамтамасыз ету үшін бағаны төмендетуге болады.
Сол сияқты, қонақүйге жоғары сұраныс кезінде, бұрынғы шығынның орнын толтыру үшін ол бөлмені жоғары бағаға тапсырады.
Бұл – Қазақстанның көптеген салаларында қолданылатын стандартты тәсіл. Сұранысқа сай бағаның қалыптасуы – бұл жаһандық тәсіл.
Бұл жағдайда әуекомпанияның мақсаты – рейстер санын көбейту арқылы сұранысты қанағаттандыратын ұсыныспен көбірек қамтамасыз ету. FlyArystan осыған байланысты өз міндеттемелерін орындап жүр.
2. Ұшу қашықтығы. Еуропадағы және Қазақстандағы билеттер құнын салыстыру дұрыс емес, өйткені ұшу алыстығы жанармай шығынына тікелей әсер ететінін ескерген жөн. Ал жанармай шығыны, өз кезегінде, ұшу құнына ықпалын тигізеді. Жанармай отыннан бөлек, рейс құнына басқа да шығындар кіреді: әуе қозғалысын басқару қызметінің аэронавигациялық қызметтері, ұшақтарға техникалық қызмет көрсету ақысы және т.б.
3. Әуежай алымдары. Мысалы, Астана-Баку-Астана бағдарындағы билеттер құны екі бағытқа әртүрлі болады. Билет құнына бір-бірінен айырмашылығы зор әуежай алымдары әсерін тигізеді.
FlyArystan лоукостердің басты ережелерін ескеруді ұсынады:
Сапарыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Жоғарыда айтылғандай, жаз – мерекелер мен демалыс күндері сияқты жоғары сұраныс маусымы. Сондықтан билеттерді неғұрлым ерте брондасаңыз, сапар соғұрлым тиімді болады.
Қолайлы бағалар күнтізбесі. Әдетте, сұранысқа ие бағыттарға билеттер ең қолайлы күндерге сатып алынады - жұма кешке, жексенбі кешке, дүйсенбі таңертең. Сондықтан қолайлы төмен баға күнтізбесін пайдаланып, үнемдеуге көмектесетін балама күндерін таңдаңыз.
Тікелей рейстерді таңдаңыз. Билеттерді сату жүйесі әртүрлі ұшу нұсқаларын ұсынады – құны айтарлықтай ерекшеленетін тікелей және тоғыспалы рейстер.
Ережелерді мұқият оқыңыз. FlyArystan билетінің бағасына салмағы 5 кг-нан аспайтын (өлшемдері 56*23* 36 см) тек 1 дана қол жүгі кіреді, ал ең төменгі тарифтердегі билеттер бағасы қайтарылмайды (айыппұл ескеріліп, қайтарым ваучерге жасалады). Барлық қосымша қызметтерді мобильді қосымшада немесе flyarystan.com веб-сайтында сатып алу тиімдірек, соның ішінде тегін онлайн тіркелу (ішкі рейстерде ұшуға 30 күн қалғанда ашылады). Әуежайда тіркелу ақылы, ал барлық қосымша қызметтер қымбатқа түседі. Билет сатып алу арқылы сіз тасымалдаушының ережелерімен келісесіз.
Ұшу күнінде сенімді емессіз бе? Онда бір рет тегін қайта брондау немесе брондаудан бас тартуға мүмкіндік беретін «Икемді» тарифін таңдаңыз.
FlyArystan әуекомпаниясы классикалық лоукостердің үлгісінде жұмыс істейді, оның негізгі қағидалары:
А нүктесінен В нүктесіне қауіпсіз саяхат орындау;
Сапарды уақытылы орындау. Әуекомпания рейстердің уақытында орындалуын қамтамасыз ету үшін барын жасайды;
Тікелей сауда кеңселерінің жоқтығы және жолаушыларға өзге көмексіз қажеттінің бәрін алу үшін жағдайдың жасалуы (мобильдік қосымша, веб-сайт, iJan цифрлық терминалдары);
Қызметтер жолаушылардың қалауымен таңдалады (қажет болған жағдайда қосымша қызметтерді алуға болады).
Неліктен лоукост әуекомпания мен классикалық әуекомпанияның бағасын салыстыру орынсыз:
Кез келген әуекомпания үшін билет құнын қалыптастырудың маңызды сәттері – рейстің күні мен уақыты болып табылады. Мысалы, егер екі тасымалдаушының бір бағытқа, бірақ әртүрлі күндерге және әртүрлі уақытта билеттері болса, онда бірінші кезекте – ыңғайлы ұшу күні мен уақытын ұсынған әуекомпанияның арзан билеттері тез сатылып кетеді. Тиісінше, қымбатырақ билеттер қолжетімді болып қалады. Осымен қатар, ұшу күні мен уақыты ыңғайсыз әуекомпанияның арзан тарифті билеттері ұзағырақ қолжетімді болып қала бермек. Соның ара-жігін ажыратқан жөн.
Ұшу құны жолаушының таңдауына тікелей байланысты. Естеріңізге сала кетейік, біз лоукостер ретінде жолаушыларға арзан билеттерді ұсынамыз. Сонымен қатар, қосымша қызметтерді қажетінше таңдау арқылы олжалы болып қала беруді ұсынамыз. Керісінше дәл ұшар алдында алынған билетер тиімсіз екеніне назар саламыз – кейде ондай билеттер классикалық әуетасымалдаушы қызметінен қымбатырақ шығуы әбден мүмкін.
FlyArystan – Қазақстандағы алғаш бюджеттік әуекомпания. Қазіргі күнде оның қызметтерін 10 миллионнан астам адам пайдаланып, олардың 49%-ы әуе билеттерін 15 000 теңгеден төмен бағаға сатып алған.
2019 жылдан бастап «FlyArystan эффектісі» Қазақстанда жол жүру тарифін 50%-ға арзандатты. Оған қоса жалпы әуеқатынасы 300 пайызға артты. 2018 жылғы 3 миллион жолаушымен салыстырғанда қазір Қазақстанда 8 миллионнан астам жолаушы ұшады. FlyArystan Қазақстанның кең-байтақ аумағында жаңа аймақтық бағыттарды қолжетімді етіп, әрбір отандасымыз әуе сапарды орындауға лайық екеніне толықтай сенімдігін білдіреді.