К 30-летию Независимости Казахстана | 03 февраля 16:36

Жел энергетикасындағы жаңа серіктестік: Eni компаниясы мен Шу зауыты

Италияның Eni компаниясы «Самұрық-Қазына» АҚ мен SANY компаниясы бірлесіп ашқан Шу қаласындағы зауытты жеткізуші ретінде таңдады

Eni компаниясы Шу қаласында орналасқан «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен SANY Renewable Energy компаниясының бірлескен зауытын жалпы қуаты 77 МВт болатын жел электр генераторларының қондырғыларын жеткізетін ұйым ретінде таңдады.

Бүгін жел электр генераторларының қондырғыларын жеткізу және оларды орнату жұмыстарын орындау жөнінде келісімшартқа ресми қол қою рәсімі өтті.

Қондырғылар Жаңаөзен қаласындағы гибридті жобаны іске асыру аясында Маңғыстау облысына жеткізіледі. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында орналасқан зауыт 2025 жылы қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған.