Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро өкілдері теміржол көлігі жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін саралаудың қорытындылары туралы хабардар еткен. Кәсіпкерлік субъектілерінен заңсыз сыйақылар алу, бақылаушы органдарға пара беруге байланысты жүк және жолаушылар тасымалы саласындағы заңбұзушылықтардың жүйелілігі атап көрсетілген.
Сауат Мыңбаев теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлықтық бұзушылықтарды жасауға сеп болатын жағдайлар мен себептерін жою жөніндегі шараларды қабылдау қажеттігін келтірді және тасымал процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Осы орайда Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының барлық қызметкерлері аттестациядан өтпек. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыру және лауазымын көтеру жүйесі қайта қаралып, бұл қадам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуы тиіс.
Қазіргі кезде құрамына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері кірген жұмыс тобы құрылған.