Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша басқармасының офицері Ерамир Алпысбеков мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясаты жөнінде, жалпы жемқорлық туралы түсінік талданып, оның экономика, ұлттық қауіпсіздік жағдайына, жалпы мемлекеттің дамуына жағымсыз әсері туралы кеңінен айтып берді. Сол секілді жемқорлық құқық бұзушылық үшін қарастырылатын заң актілері туралы сөз болды.
Спикер нақты мысалдар келтіре отырып, азаматтардың қоғамда жемқорлықпен күреске белсенді көмек көрсеткені үшін мемлекет тарапынан ақшалай ынталандыру қарастырылатын қадап айтты. Сонымен қатар Ұлытау облысы бойынша жемқорлыққа қарсы департаменті құрған телеграм-боттың таныстырылымы өтті.
Оған кез келген азамат мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар ұйымдар мен мемлекеттік сыңайлы секторлардың лауазымды қызметкерлері тарапынан жасалған жемқорлық дерегі бойынша құпия жағдайда өтініш жасай алады.