К 30-летию Независимости Казахстана | 31 қаңтар 09:00

«Жеңіс»: қиын уақыттағы маңызды қолдау

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері – қолдауға және көмекке мұқтаж қарт адамдар. «Samruk-Kazyna Trust» волонтерлікті дамыту арқылы қарт адамдарға көмектесетін жобаны іске асыруда.

2021 жылы волонтерлер Қазақстанның барлық өңірлерінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне 6 700-ден астам рейд жүргізді. Оларға азық-түлік себеттері мен дәрі-дәрмектер әкелінді, сондай-ақ, үй мен ауладағы шаруашылық жұмыстарға көмектесті. Бұл қызметке 650-ден астам волонтер қатысты.

Рудный қаласындағы еріктілердің жұмысын үйлестіруші Әсел Әбішева бұл қызметті неге ұнататынын және неге соншалықты маңызды екенін айтты.

«Біздің қаламызда 30 ерікті белсенді бар. Басқалары еріктілер уақыт пен мүмкіндік болған кезде қосылады. Олар белсенді ұстанымы бар және немқұрайлы емес қарапайым азаматтар. Әдетте біз әкімдіктерден, ардагерлер кеңестерінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің тізімін сұраймыз, содан кейін олардың үйлерін аралаймыз», – дейді Әсел.

 

Оның айтуынша, еріктілер үйге келгенде ересектердің қуанышынан асып түсетін ештеңе жоқ.

«Үйге кіргенде қобалжуды сезінемін. Ардагерлер бізді күтеді және біздің келгенімізге шын жүректен қуанады. Кей ардагерлер көз жасын ұстай алмайды. Жақында біз әженің үйінде болдық. Аптасына екі рет оған әлеуметтік қызметкер келіп және көмек көрсетіді. Осындай ардагелерді көрген кезде менің жүрегім ауырады. Бірақ, қолымыздан келгеннің барлығын жасауға тырысамыз», – дейді Әсел.

Ардагерлер жалғыз да, балалары мен немерелерімен бірге тұруы да мүмкін. Екі жағдайда да ардагерлер бізді жылы сөзбен қарсы алады, алғыс айтады.

Павлодарда тұратын Әселдің әріптесі – Темірлан Әлиев те қызықты оқиғаларын баяндады:

«Біз Аргат Павел Петровичтің пәтеріне бір рет келдік. Оның әңгімелері мені таң қалдырды. Соғыс кезінде ол Берлинге жетіп, сол жерде оның басына граната фрагменті түседі. Дәрігерлер оған қазақстандық климат пайдалы болатынын айтып, Павлодарға көшуге кеңес береді. Ол жалғыз тұрады, әкесі мен анасы, ағасы ұзақ уақыт бұрын қайтыс болды. Павел Петрович өз медальдарын көрсетіп, өзінің ерліктері туралы мақтанышпен айтты. Мұның бәрін біз оған алғашқы сапарымызда білдік. Екінші сапар барысында біз оның қарттар үйіне көшіп, ең жақын досына пәтерін қалдырғанын білдік. Ал қазір ол өзін бақытты сезінеді. Ол Қарттар үйінде өзіне жаңа достар мен таныстар тапты».

 

«Жеңіс» жобасы аясында еріктілер қарттар үйіне де барады.

«Біз қарттар үйіне барып қана қоймай, кішкентай импровизацияланған концерттер дайындаймыз. Балалар домбыра немесе гитарада ойнайды, қарт адамдар ән айтып, би билейді. Біздің еріктілер олармен бірге билейді. Бұл біз үшін де ұмытылмас әсер», – дейді Темірлан.

«Жеңіс» жобасының аясында мыңдаған қарт адамдарға қажетті қолдау көрсетіліп, ең бастысы – назар аударылуда. Олармен сөйлесіп, жиналған проблемалары мен қуанышты оқиғаларын тыңдай отырып, еріктілер оларға эмоция сыйлады. Бұл баға жетпес көмек.