«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Дәулетжан Хасанов апталық планерлық отырыста геологиялық барлауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін министрліктің «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісін табыс етіп, алдағы ісіне сәттілік тіледі.
Күлаш Рахатова мәртебелі марапат үшін алғыс айтып, Қазақстанның геологиялық саласын одан әрі дамыту үшін бар күш-жігері мен білімін жұмсайтынын атап өтті.