К 30-летию Независимости Казахстана | 01 тамыз 14:35

Жерге қамқорлық: ҚазМұнайГаздың экологиялық бастамалары

Сіз биыл наурыз айында ҚазМұнайГаз компаниялар тобы «Жер Сағаты» халықаралық акциясына қосылып, жарық пен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа сөндіргенін білесіз бе?

Бұл энергия тұтынуды азайту және ресурстарға саналы түрде қарау жолындағы аз да болса маңызды қадам.

Тұрақты даму стратегиямыздың аясында біз «ыдысыңды ала кел» экологиялық акциясын бастадық. Енді компанияның кеңсесінде орналасқан асханаға ыдысты өзіңізбен бірге алып келсеңіз, жеңілдік ала аласыз. Бұл пластикті пайдалануды азайтуға көмектеседі.

ҚМГ қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырған «Jasyl jol» челленджіне де қатысты. Автокөлікті 30 күн бойы пайдаланудан бас тартып, қозғалыстың экологиялық әдістерін таңдау (велосипед немесе жаяу серуендеу) арқылы өз денсаулығымызды да, жер шарын да сақтап қаламыз.

Жерімізді қорғау үшін шағын қадамдарды бірге жасай берейік!

"ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі