К 30-летию Независимости Казахстана | 26 января 12:37

Жергілікті қамтуды дамыту: KMG PetroChem ГСК жобасына қазақстандық өндірушілерді тартуда

ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы — KMG PetroChem компаниясы Газ сепарациялау кешенінің жобасын іске асыру аясында отандық өндірушілер мен жеткізушілерді тартып жатыр. Компанияның жұмыс тобы Алматы көпір құрылымдары зауытының және LCI-MK темір-бетон бұйымдары зауытының өндірістік алаңдарын аралады. Бұл кәсіпорындар ГСК үшін қадалар жасап жатыр. Қада қағу жұмыстары өнеркәсіптік жобаларды іске асырудың негізгі кезеңдерінің бірі екенін атап өткен жөн. Себебі олар құрылыстардың сенімділігіне, қауіпсіздігіне және пайдалану мерзіміне тікелей әсер етеді.

2026 жылдың ақпан айынан бастап ГСК-ның құрылыс алаңына дайын өнімдер жеткізіле бастайды. Сонымен қатар KMG PetroChem өкілдері АтырауМұнайМаш зауытында болды. Бұл кәсіпорынға көміртекті болаттан үш пропан буллитін жасауға тапсырыс берілген болатын. Жабдық табиғи газды төмен температурада дистилляциялау өнімдерінің бірі — тазартылған пропанды қауіпсіз сақтауға арналған. Буллиттерді дайындау бойынша бекітілген мерзімді сақтаудың маңызы атап өтілді.

 

Тараптар тот баспайтын болаттан жасалған бағандарды құрастыру мүмкіндігін де қарастырды. «МЭК-Астана» ЖШС-де электрмен жабдықтау және энергетикаға қатысты шешімдер ұсынылды, соның ішінде энергия қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету көздері және дизель-генераторлық қондырғылар бар. Бұл шешімдер ГСК жобасында пайдалануы мүмкін.

Қазақстандық өндірушілерді қолдау, жергілікті қамту үлесін арттыру — бұл KMG PetroChem компаниясының негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы маңызды басымдықтары.

 

  Анықтама: AZMK және LCI-MK — Қазақстан Республикасының аумағы бойынша сериялық өндірісте және ұйымдастырылған логистикада тәжірибесі бар өндірістік компаниялар. Олар өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларға арналған металл конструкцияларын және қадалар жасайды.

«АтырауМұнайМаш» ЖШС — 2000 жылы құрылған және Anaco Group Consortium құрамына кіретін қазақстандық компания. Мұнай-газ, мұнай химиясы, мұнай өңдеу және құрылыс өнеркәсібі нысандары үшін күрделі әрі ауқымды жабдықтарды шығаруға маманданған. «МЭК-Астана» ЖШС — 2011 жылы негізі қаланған отандық компания, ол электрмен жабдықтау және энергия тиімділігі саласындағы шешімдерді жүзеге асырады. Компанияның қажетті рұқсат құжаттары және білікті инженер мамандары бар.