К 30-летию Независимости Казахстана | 19 шілде 11:23

«Жеті қадам» жобасының қатысушылары қаржылық сауаттылығын арттырды

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры «Жеті қадам» жобасының үздіктері Каспий жағалауында бас қосты. Бәсекеге қабілетті жастар бұл жолы қаржылық сауаттылық бағытында білімін нығайтты. Қорға қарасты команиялар жұмысшыларын жан-жақты дамыту жобасының қатысушылары қатарында «Қаражанбасмұнай» АҚ «Жас маман кеңесінің» төрағасы Айбек Ұлықпанов та бар.

Екі күнге созылған оқыту семинарында 50 жас маман қаражатты есептеу, үнемдеу және тиімді пайдалану құпияларын меңгерді. Сондай-ақ олар түрлі кейстерді қарастыра отырып, тәжірибе тапсырмаларын орындады. Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, әріптестік қарым-қатынасын арттыра түсті.

«Жеті қадам» жобасы біздің түрлі қабілеттерімізді дамытып, жасырын таланттарымыз бен көшбасшылық қасиеттерімізді ашып жатыр. Алған білімімізді компаниямыздың жас мамандарымен бөлісіп, пайдаға жаратамыз деген сенімдемін. Болашақ – жастардың қолында. Ал оларды жан-жақты дамыту үшін мұндай жобалардың пайдасы өте зор»,- деді А.Ұлықпанов.

 

Қатысушылар дамыту тренингтерінен бөлек өз мамандығы бойынша өндірісті дамытуға бағытталған жоба әзірлеп жатыр. Үздік деп танылған жұмыстарды Қорға қарасты компанияларда жүзеге асыру жоспарланып отыр.