Әр мұнайшы өзі қызмет ететін кенорны мен цехы тазалығына асқан жауапкершілікпен және жанашырлықпен қарайды. Сондықтан мұнай өндірумен айналысатын кәсіпшіліктер аумағында санитарлық талаптарды сақтау бойынша қатаң шаралар алынған.
Мәселен, кенорын аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды қауіптілігіне және түріне қарай сұрыптап, қайта өңдеуге дайындау жолға қойылған. Қалдықтардың әртүріне арналған арнайы қоқыс жәшіктері орнатылып қойған. Сонмен қатар, ұжымдық тазалық шараларын ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналған.
Мұнайшылар Жетібай кенорны аумаған түрлі тұрмыстық-өндірістік қалдықтардан тазартып, жасыл желектерді алдағы суару маусымына дайындаумен айналысты. Талдардың түбі қопсытылып, діңгегі әктелді. Ғимараттар айналасы әрленіп, жол жиектері мен дуалдар сыры жаңғыртылды.