К 30-летию Независимости Казахстана | 19 сәуір 09:30

Жетібайда аспаздарға арналған жатақхана ашылды

Бұл тұрғын кешен 32 адамға арналған.

Жетібай кен орнында күрделі жөндеуден өткен, жаңа жиһаздармен толық жабдықталған № 2 жатақхана ашылды.

Бұл тұрғын кешен 32 адамға арналған. Жатақханаға алғашқы болып Caspian Food ЖШС асханасының қызметкерлері орналастырылды. Еске сала кетейік, қаңтар айында күрделі жөндеуден кейін № 4 жатақхана ашылған болатын.

Ал 2024 жылы Қаламқас кен орнында төрт жатақхананы (№ 8, 9, 10, 11) күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.