Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараның барысында мұнайшылар 31 оқушыға 3 297 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Балалардың таңдауымен мектеп формалары мен сөмкелерін әзірлеген мұнайшылар олардың білім жолындағы алғашқы қадамдарына қолдау көрсетті. Жаңа оқу жылының алғашқы күнін қуанышпен қарсы алған балалардың жүздерінен шаттық пен ризашылықты байқау қиын емес.
Бұл қайырымдылық акциясы – тек бір реттік көмек емес, сонымен бірге балалардың болашағына деген зор үміт пен қолдау. Оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін мұндай шараларды ұйымдастыру мұнайшылар үшін дәстүрге айналмақ.