К 30-летию Независимости Казахстана | 25 тамыз 09:09

Жетібаймұнайгаз жеңісі жақсылыққа ұласты

«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының волейбол командасы «Харекет» қайырымдылық қоры ұйымдастырған жолдастық кездесудің жеңімпазы атанды.

Шараға жетібайлық мұнайшылармен қатар №3, 4, 7 мектеп құрамалары мен ауылдық мешіт командасы қатысқан. Негізгі мақсат – ауылдың аз қамтылған, баспанасы жоқ отбасыларына қаражат жинап көмектесіп, үйлі болуларына себепші болу. Жарысқа қатысқан әр команда өз аттарынан 10 000 теңге көлемінде жарна төлеп, «Харекет» қайырымдылық қорының қызметіне өз үлестерін қосты.

«Біз үшін бұл жарыста маңыздысы жеңімпаз атану болған жоқ, бастысы үйсіз жүрген замандастарымыздың жүгін жеңілдетіп, «Харекет» қоры арқылы солардың баспаналы болуына кішкене болса да өз үлесімізді қосу еді. «Көп түкірсе – көл» деген бар. Осылай жұмысла жүріп әрекет етсек, көп жетістікке жетеріміз сөзсіз. Әр қазақтың баспаналы болып, бақуатты өмір кешуіне тілектеспіз», – деді команда капитаны, «ЖМГ» ӨБ №1 мұнай және газ өндіру цехының аға механигі Б. Боранқұлов.