"QazaqGaz" ҰК " АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Жезқазған мыс балқыту зауытында болды. Сапар барысында ол нысанның өндірістік қуаттылығымен танысып, табиғи газды пайдалану тиімділігін бағалады. Бұдан басқа, Ұлытау облысының өнеркәсіптік тұтынушыларымен одан әрі өзара іс-қимыл талқыланды.
Зауыт 2022 жылдың шілдесінде газға қосылудың техникалық шарттарын алды. Газбен жабдықтау көзі қуаттылығы сағатына 40 000 м3 "Жезқазған" АГТС болып табылады. "Kazakhmys Smelting" ЖШС негізгі активі саналатын Жезқазған мыс балқыту зауытын табиғи газға қосу атмосфераға зиянды шығарындыларды 11,8% қысқартуға мүмкіндік берді.
"Зауыттың 17 объектісі мазуттан газға ауысқаннан кейін атмосфераға шығарындылар 11,8% - ға төмендеді. Барлық 20 нысанда іске қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін біз шығарындылардың 80% - ға төмендеуін күтеміз. Бұл өңірдегі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады", - деп атап өтті "Kazakhmys Smelting" ЖШС бас энергетигі Ғабит Байтоков.Зауыт өкілдерінің айтуынша, табиғи газға көшу өндірістің энергетикалық тиімділігін арттырады және металлургия саласының аймақ экологиясына әсерін азайта отырып, экологиялық стандарттарды сақтайды.