К 30-летию Независимости Казахстана | 26 шілде 08:30

Жиһанкез теміржолшы

Сапарлап жүрген жолаушыға құрмет көрсетуді парыз деп білетін қазақпыз ғой. Сыр елінің теміржолшылары Ақтөбе, Қостанай және Жезқазған облыстарын велосипедпен аралап келе жатқан жиһанкез теміржолшыны құрметтеп қарсы алып, шығарып салды.

Бүгінде зейнеттегі теміржолшы Жұмабай Отарғалиев Ақтөбе жол бөлімшесінде пойыз диспетчері болып жұмыс істеген. Қызылорда станциясына аялдаған қарияның ендігі сапары Түркістан арқылы Алматыға бару екен. Өмірге құштар, ертеңгі жарқын болашаққа сенімі нық, 69 жастағы зейнеткер шайтанарбаны серік қылып, хоббиына айналдырғалы талай жыл.  

Бұл жолғы сапарын Ақтөбеден бастап, бірнеше қалалардың үстінен өтіп Арал теңізі станциясына аял жасаған. Жергілікті теміржолшылар қарияны күтіп алып құрмет көрсетіпті. Аралдан оңтүстік-шығысты бетке алып жолға шыққан Жұмабай қария Қазалы торабына келген кезде станциядағы салалық мекемелердің кәсіподақ төрағалары жолаушының тынығып, ас-су ішіп қуаттанып алуына мүмкіндік жасаған.  

Жас кезінде талай мәрте пойызбен жүріп өткен жерлерін, жол бойындағы киелі орындарды аралап сапарлап жүрген Жұмабай қарияның тақымына басқан көлігі спортшылардыкіндей емес, қарапайым екен.

Сабырхан Сейілбекұлы

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"