К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қыркүйек 10:35

Жильбер Унгбо «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында болды

Қазақстанға ресми сапары аясында Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбо «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытына барып қайтты.

Жильбер Унгбо зауыттың цехтарын аралап көрді, жұмысшылармен және кәсіпорын басшылығымен әңгімелесті.

 

Аффинаж зауытының директоры Асқар Тілеулин ХЕҰ басшысына «Тау-Кен Алтын» ЖШС жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау шаралары, сондай-ақ болашаққа, атап айтқанда, ESG күн тәртібіне қатысты жоспарлар туралы айтып берді.

Бүгін «Тау-Кен Алтын» зауыты мен «PARYZ» ЖҰК еңбек, әлеуметтік және олармен байланысты экономикалық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.