К 30-летию Независимости Казахстана | 24 желтоқсан 14:32

Жиналыс орны – жұмыс алаңдары

Кен орнына жұмыс сапарын жалғастырған «Қаражанбасмұнай» АҚ  басшылығы бу өндіру цехының, бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасының, қабат қысымын ұстау цехының және электр цехының объектілерінде болды. ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев ағымдағы жұмыс барысымен танысып, өндірістік көрсеткіштер мен алдағы жоспарларға тоқталды.

БӨЦ – Қаражанбастың жүрегі саналады. Оның арқасында кен орнында тұтқырлығы жоғары мұнай өндіріледі. Сондықтан мұнда жұмыс үнемі «қайнап» жатады. Басшылықпен кездесу барысында интеграциядан кейінгі өзгерістер талқыланды. Нақтырақ айтсақ, өндірісті жаңғырту туралы сөз болды. Қазір бу генераторлық қондырғылар паркін жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ескі стационарлық БГҚ орнына қуаттылығы тәулігіне 23 мың тоннаны құрайтын заманауи және мобильді құрылғылар орнатылуда.

Бұдан соң басшылық БжҰЖКЖБ-ның жұмыс алаңдарында болды.

ҰЖКЖ топтары ыстық пен суыққа қарамастан, далада ұңғымаларға жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан, ағымдағы жылы еңбек жағдайларын жақсарту аясында ҚБМ заманауи жабдықталған 7 жаңа мобильдік кешен сатып алды. Жұмысшыдар жаңа мобильді кешеннің артықшылықтарын алға тартып, қалған топтардың да кешенін жаңарту туралы ұсыныс білдірді. Басшылық жаңа құрал-жабдықтар келесі жылы жеткізілетінін атап өтті.

ҚБМ басшылығы сондай-ақ электр цехының объектілеріндегі жұмыс барысымен танысты. Онда электр жабдықтарының сапасы талқыланды.

Өндірістің тағы бір маңызды объектісі – ҚҚҰЦ. Кездесу барысында осы цех мамандарының компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Басшылық өндірістік көрсеткіштерге тоқталып, жылды жақсы нәтижемен қорытындылау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру, құралдардың сапасы және т. б. мәселелер талқыланды.