Дайындық барысында барлық жолаушылар вагондары санитариялық ережелер ("Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 31.05.2017 ж. № 359) талаптарына сәйкес санитарлық өңдеуден өтеді.
Рейске жіберер алдында әр вагон бактериялар мен вирустарға қарсы жүргізілетін дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Едендердің, төбелердің, үстелдердің, дивандар мен терезелердің беті мұқият жуылады. Дезинфекция санитарлық ереженің талаптарына сәйкес препараттарды себу және сүрту әдістерімен жүргізіледі. Сондай-ақ айналым пункттерінде дәретханалар мен қоқыс жәшіктері дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Барлық қолданылатын препараттар сертификатталған және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануды ұсынған.
Коронавирус пандемиясына және жолаушылар пойыздарының алдағы уақытта іске қосылуына байланысты, жол бойында жолаушылар ауырған жағдайда төсек-орын жабдықтарын жинау процесі қарастырылған. Бұл жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, төсек жабдықтарын бөлек жинау және жуу процесі қарастырылған. Бұдан басқа, тұрақты негізде төсек-орын жабдықтарын тасымалдауға арналған автокөлік құралдары дезинфекциядан өтеді.
Барлық төсек жабдықтары сұрыптаудан өтеді және рұқсат етілген жуу немесе дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып кір жуғыш машинаға тиеледі. Киім-кешекті жуғаннан кейін төсек жабдықтары үтіктеліп, жинақталып, буып-түйілгеннен кейін жолаушылар вагондарына жеткізіледі.
Осы орайда айтарымыз, "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілген. Тұрақты негізде өндірістік қызметкерлер арасында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқамалар жүргізіледі. Поезд бригадаларының қызметкерлері күн сайын ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтеді. Ауру белгілері байқалған жағдайда немесе температурасы жоғары көрсеткішкті көрсеткен қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Тек жеке қорғаныш құралдары болған жағдайда және ара қашықтықты сақтап отырған (кемінде 1 метр) қызметкерлер жұмысқа кірісе алады.
Ұлттық тасымалдаушы 2020 жылдың 15 мамырынан бастап темір жол билеттерін сатылымға шығарғанын еске салады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ өз жолаушылардан билетті қашықтан (онлайн) BILET.RAILWAYS.KZ сайты, "ҚТЖ билеттері" мобильдік қосымшасы немесе интернет-сайттар арқылы он-лайн түрде рәсімдеулерін сұрайды.