Теміржол билеттерін онлайн режимінде bilet.railways.kz билеттерді сату жөніндегі ресми порталдан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ ТЖ билеттерін сату бойынша үшінші тараптың жеке интернет-сайттарынан сатып алуға болады.
Билеттерді сатып алу процесі ашық, сондықтан билеттерді қайта сатумен байланысты заңсыз әрекеттерді жасау мүмкін емес.
Билеттерді сатудың қолданыстағы электрондық жүйесі пайдаланушыларға билеттерді қайта ресімдеуге мүмкіндік бермейді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі