Электроавтобус келесі бағыт бойынша жүреді: Бурабай курорты теміржол вокзалы – Бурабай кенті - Абылай хан кешені – Щучинск кенті – Rixos Borovoe. Электр таксиі жолаушыларды өздері көрсеткен мекен-жайға дейін жеткізеді.
Қызмет құны тұрақты: электр автобусындағы орын үшін 500 теңге және электротаксидегі салон үшін 2000 теңге.
Қызметті пайдалану үшін жолаушыға электр пойызының вагондарындағы QR кодын сканерлеу, диспетчерге мекен-жайын хабарлау және қызметке ақы төлеу жеткілікті.
Қызмет интермодальды тасымалдауды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде ұсынылады.