К 30-летию Независимости Казахстана | 09 ақпан 16:11

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қайта отырғызып жеткізу» онлайн-қызметін іске қосты

Жолаушылар bilet.railways.kz сайтынан онлайн билеттерді сатып алу кезінде «Қайта отырғызып жеткізу/құрама маршрут» жаңа қызметін  пайдалана алады, деп хабарлады Rail-news.kz. 

Тікелей байланыс немесе бос орындар болмаған жағдайда, жаңа қызмет   түрі пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.

Қазір бұл қызметті Қостанай-Семей, Екібастұз-Алматы, Ерейментау-Орал, Петропавл-Ақтөбе, Шымкент-Арқалық, Шымкент-Петропавл, Қостанай-Шымкент, Атырау-Семей және т. б. бағыттар бойынша билет сатып алғанда пайдалануға болады.

Бұл сервисті «Жолаушылар тасымалы» АҚ интермодальды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске асырды.